Бүгін бес министрлік құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін бес министрлік құрылды

01.09.2023

Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, жаңа минисрліктер құрылатынын мәлімдеді. Сонымен бүгіннен бастап елімізде 5 министрлік жаңадан құрылды. Олар: Су ресурстары және ирригация министрлігі, Көлік министрлігі жеке құрылды. Мәдениет және ақпарат министрлігі біріктірілді. Сондай-ақ Туризм және спорт, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері жасақталды.

Түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 4 министр лауазымынан босатылды. Олар: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және соңғы уақытта қоғамның сынына көп ұшыраған Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.


Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу