Президент қоғамды алаңдатқан мәселелерді дөп басты. Әсіресе ауыл шаруашылығы, сумен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және отандық өнімнің үлесін арттыру мәселелелері өзекті дейді жолдауды тыңдаған көпшілік.
Президент өткен жолдауында біздің елде шикізаттық синдром бар деген болатын. Сол синдромды жеңу – өндірісті күшейту. 2027 жылға дейін еуропалық стандартқа сәйкес 4 мың шақырым жол салу туралы айтты. Жол жақсы болса экономиканың басты қозғаушы күші - қарым-қатынас жақсарады.
Қоғам үшін маңызды үлкен мәселелер қозғалды шын мәнінде. Қазіргі таңдағы тек қазақстандық қоғам емес, әлемдік деңгейдегі мәселелер қарастырылды. Соның ішінде бастысы – су тапшылығы.Екіншісі – Қазақстанда соңғы уақытта пікірталас тудырып жатқан атом электр стансасын салу туралы референдум болатынын айтты. Ол да өте маңызды. Сонымен қатар Президент алдынғы жолдаудың қорытындыларын, нәтижесін және өзіндік жұмысын атап өткен болатын.
Шынайы өмірдегі жағдайды көрсетуіміз керек.Осы тұрғыдан алатын болсақ, жолдаудың қойған міндеттері өте зор.Мәселе, енді сол айтылғандарды сәтті, уақытында іске асыру.Соның ішінде айталық, экономикалық мүмкіндіктеріміз. Табиғаттағы байлықтарымыз. Немесе табиғи байлықтарды геологиялық барлау жұмыстары арқылы оны іске асыру.Осы мәселелер Жолдауда көрсетілді.
Дәуренбек Әбдібек