Сарапшы: Жолдауда жаһандық мәселелер қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Жолдауда жаһандық мәселелер қамтылған

27.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы-АҚШ пен Батыс елдерінің Қазақстанмен ынтымақты арттыруға ынтасын күшейтті. Брюссель энергетикалық клубының сарапшысы Марат Тертеров осылай дейді. Айтуынша Жолдауда ел халқының әл-ауқатын арттыру, азаматтық қоғамды дамыту сынды ішкі мәселелерден бөлек жаһандық деңгейдегі маңызды мәселелерге де көңіл бөлінген. Сарапшы Жолдауда энергетикалық тиімділікті арттыру, экологиялық проблемаларға басымдық берілуі-құптарлық,-дейді.

Марат Тертеров, Брюссель энергетикалық клубының сарапшысы:

Президент Тоқаев Жолдауда көмірқышқыл газынан арылу туралы жақсы айтты. Бұл жаһан елдері үшін өзекті мәселе болғандықтан АҚШ пен ЕуроОдақ көшбасшыларының назарын аударғаны сөзсіз. Тың реформалар елдеріңізге, әсіресе жасыл сутек саласына тұрақты инвестор тартуға және көміртектен арылу процесін жеңілдетуге септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, Жолдауда Президент геосаяси тепе-теңдікті сақтай отырып, Орталық Азия, Еуразия елдерімен, Ресей, Қытаймен ынтымақты арттыру жайына тоқталды. Өте мағыналы Жолдау енді тиімді жүзеге асырылады деген сенімдемін.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу