Жастарды жатақханамен қамту шешімін табады: Педагог Жолдау туралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарды жатақханамен қамту шешімін табады: Педагог Жолдау туралы

09.09.2022

Елімізде жастардың білім алуы мен жұмысқа орналасуына қатысты туындаған мәселелер жеткілікті. Ал жатақханамен қамту күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, ірі қалаларда бұл мәселе өзекті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында осы проблема жан-жақты қамтылды. Нәтижесінде жастарға жағдай жасау мен олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы қолға алынбақ. Оқытушылар қауымы Жолдауда айтылған төмен пайызбен несие беру ұсынысы жүзеге асатын болса, жастар бірқатар жеңілдікке ие болар еді дейді. Жекеменшік жоғары оқу орындарына жатақхана салуға мемлекеттен қолдау жасалатыны қуантып отыр. Жолдаудың арқасында жастар жоғары білімге қиналмай қол жеткізіп, әлеуметтік жағдайлары жақсара түседі.

Жанар Темірбекова, Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры:

Жинаған ҰБТ ұпайына қарай 30 пайыздан 100 пайызға дейін грант ұтып алу мүмкіндігі болады. Бұл өте дұрыс шешім. Сонымен қатар жатақханалар мәселесі де әлі де күрделі. Осы бойынша шешу жолдары да қарастырылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу