Шымкентте нөсер жаңбыр соңы бұршаққа ұласып, елді біраз әбігерге салды. Бұршақтың қатты жауғаны сонша, жауын аралас ақ түтектен төңірек көрінбей, көшелерде қозғалыс қиындады. Ағаштар құлап, дүкен ғимаратын басып қалған. Жарақат алғандар жайлы мәлімет жоқ. Бірнеше жеке үйдің ауласынан суды арнайы техниканың көмегімен сорып алуға тура келді. Коммуналдық қызмет мамандары шашылған, бүлінген жерлерді тазартып жатыр.
Ағзам Саидов, Төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс орталығының басшысы:
Бес аудан бойынша 367 текше метр су тартылған. Жалпы 37 адам төтенше жағдай департаментінен 12 техника мен 11 мотопомпа осы іске тартылды.
Ғани Қалмаханов