Екібастұзда бұршақ жауды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда бұршақ жауды (ВИДЕО)

29.07.2014
Екібастұзда бұршақ жауды (ВИДЕО)

Екібастұзда бармақ басындай бұршақ жауып, елді әбігерге салды. Қатты жел тұрып, көшедегі ағаштарды құлатты. Электр сымдары үзіліп, қаланың 19-шы, 15-ші және 2-ші шағын аудандары жарықсыз қалды.

Абырой болғанда адамдар аман. Бірақ, көше көктайғаққа айналып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Алдымен қатты жел тұрып, нөсер жауын құйған. Іле аспандағы ала бұлт қара түнекке айналып бір сағат бойы бұршақ жауды. Жер бетін қалыңдығы екі сантиметрге жуық мұздақ басып қалды.

Валерий Андрианов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

Қалаға жарық берілді. Қазір ғимараттардың жертөлесіне құйылған суды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ауылдық жерлерде де бірнеше үйдің тұрғындары жаңбыр суынан зардап шеккен екен. Көмектесіп жатырмыз. Ауа райы алдағы екі-үш күнде тосын мінез көрсетуі мүмкін, деген қауіп бар.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу