Шымкентте дауылдан 12 үйдің шатыры ұшып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте дауылдан 12 үйдің шатыры ұшып кетті

07.06.2021

Шымкент қаласы аумағында тағы да дауыл тұрып, біраз жерді қиратып кетті. 

Кеше кешкі сағат 6-лар шамасында басталған дауыл 10 минут бойы тоқтаусыз соқты. Оның жылдамдығы секундына 15-тен басталып, 28 метрге дейін жеткен. Ағаштар желдің екпініне шыдамай құлап, 8 автокөлікті басып қалған. Сондай-ақ, дауыл бір коммерциялық нысанның және 12 тұрғын үйдің шатырын жұлып әкеткен. Оның 8-і - көпқабатты баспаналар. Дауылдың салдарынан 600-ге жуық абоненті жарықсыз қалды. Оңтүстік жарық Транзит мекемесі түннен бері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жарақат алғандар жоқ.

Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы: 
Кешегі болған оқиғаға төтенше жағдай қызметінің 6 техникасы мен 25 адамы жұмылдырылды. Департамент жанынан штаб құрылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу