Елбасы Н.Назарбаев Француз Республикасы президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Н.Назарбаев Француз Республикасы президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады

08.01.2015
Елбасы Н.Назарбаев Француз Республикасы президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы «Шарли Эбдо» басылымы редакциясына жасалған террорлық әрекетке байланысты Француз Республикасы президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.

Жеделхатта террорлық әрекет салдарынан француз азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы үлкен күйзеліспен қабылдағаны жөнінде айтылған.

«Бүгінгі күні терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан өз тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оқиға құрбандарының отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ, бүкіл Франция халқына шын ниетпен көңіл айтты.

Хабарламаларға жазылу