Шымкенттің гүл дүкеніндегі шулы оқиғадан кейін сол жерде болған екінші адам қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттің гүл дүкеніндегі шулы оқиғадан кейін сол жерде болған екінші адам қызметінен кетті

16.08.2023

Шымкенттің гүл дүкеніндегі шулы оқиғадан кейін сол жерде болған екінші адам қызметінен кетті. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшылығы хабарлады. Яғни, Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған. Айта кетейік, гүл дүкеніндегі бейнежазба таралған соң шенеунікке тәртіптік жаза қолданылған еді. Әрі қызметтік тексеру жүргізілетіні айтылды. Қазір гүлді ұрлап, сатушыны итерген экс-полицей мен оның жанында болған мемқызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу