Қазанда мектептегі атыс құрбандарын жерлеу рәсімі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазанда мектептегі атыс құрбандарын жерлеу рәсімі өтіп жатыр

12.05.2021

Татарстан астанасы Қазанда мектепте болған атысқа байланысты «қаралы күн» жарияланып, қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Тұрғындар мектеп алдына гүл шоқтарын қойып, қыршыннан қиылған балаларды еске алуда. Ел билігі қайғылы оқиғадан қайтыс болғандардың отбасыларына барлық көмек көрсетілетінін хабарлады. 20 бала мен үш ересек әлі де ауруханада жатыр.

Еске салайық, кеше таңертең 19 жастағы Ильназ Галявиев мектепте оқ жаудырып 9 адамды мерт қылды. Іле шала тұтқындалған қаскөйге қатысты «жаппай адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиғадан кейін Ресей билігі қару-жарақ сату заңын күшейтіп, әлеуметтік желілер мен компьютерлік ойындарға бақылау жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.


Хабарламаларға жазылу