Мәскеуде тағы бір сауда үйі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде тағы бір сауда үйі өртенді

12.12.2022

Ресейдің Мәскеу облысында жұмадан бері екінші сауда үйі өртенді. Жалын 10 мың шаршы метрдей аумаққа тараған.

Кей мәліметтерге қарағанда, құрылыс заттары дүкеніндегі өрттің тұтануына жаңбырдан кейінгі қысқа тұйықталу себеп болған. Мәскеу облысында осыдан үш күн бұрын тағы бір құрылыс тауарларын сататын сауда кешені өртенген еді.

Оқыс оқиға кезінде 1 адам қаза тапты. Алдын ала деректерге қарағанда, өрт- қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болған.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу