Үндістанның таулы өңірінде лай көшкініне қаза тапқандар саны 57 адамға жетті. Он тұрғын жоғалып кеткен. Химачал штатында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Лай көшпес бұрын өңірде нөсер жауын жауған. Үйлерді, ғибадатханалар мен өзге де нысандарды су шайды. Мектептер және басқа да білім беру мекемелері жабық тұр. Ауа райы болжамына қарағанда, өңірде үздіксіз нөсер бүгін де жалғасады.
Арай Төлегенқызы