Үндістанда жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр

17.08.2023

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында лай көшкінінен қаза тапқандар саны 71-ге жетті. Хабар-ошарсыз кеткендер іздестіріліп жатыр. Лай көшкіні кезінде құлаған ғпбадатхана үйіндісі астында қалғандар толық шығарылып біткен жоқ. 2 жарым мың тұрғын үйлерін тастап кеткен. Олар уақытша паналарда тұрып жатыр. Өткен апта соңында өңірде дамылсыз нөсер жауып, лай көшкен. Үйлер қирап, электр жарығы өшті. Қираған жолдарда көлік, соның ішінде пойыз қатынасы әлі қалпына келген жоқ. 


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу