Қазақстан мұнай игеру көлемін азайтуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұнай игеру көлемін азайтуға мәжбүр

15.08.2023

Қазақстан мұнай игеру көлемін азайтуға мәжбүр. Бұған Маңғыстау атом энергетика комбинатында болған апат себеп. Энергетика министрінің айтуынша, болжамды жоспар биыл 90,5 млн тонна мұнай өндіру болған.Алайда бұл көлем 0,6 пайыз кеміп, жыл соңына дейін 89,4 млн тонна қара алтын игеру көзделіп отыр.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

МАЭК-тегі апат салдарынан электр қуаты шектеліп берілуінен бөлек, кеніштердегі жөндеу жұмыстары да өндіріс көлемінің азаюына әсер етіп отыр. Қазір күніне 12 мың тоннадай шикізат кем игеріліп жатыр. Яғни жыл соңына дейін мұнайды шамамен 1,5-2 млн тонна азырақ өндіреміз.

Мұнай-газ саласы бойынша сарапшы белгіленген мұнай көлемі өндірілмесе, Қазақстан кем дегенде 19 млрд теңгеден қағылатынын айтты. Бұл жанар-жағармай тапшылығына да әкеп соғуы мүмкін дейді Рашид Жақсылықов.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан Мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы:

Біз тек қана қаржылай ұтылмаймыз, біз жанар-жағармай өңдейтін екі Павлодар және Атырау зауыттарына мұнай беруіміз кемуі мүмкін. Ол дегеніміз, шикі мұнай алмағаннан кейін олардың өнімі де қысқарады ғой. Ол Қазақстан нарығындағы жанармайдың дефицитіне әкеп соғуы мүмкін.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу