Жапонияның батысына «Лан» тайфуны соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның батысына «Лан» тайфуны соққы берді

15.08.2023

Жапонияның батысына «Лан» тайфуны соққы берді. Вакаяма префектурасында нөсер жаңбыр жауып, лай көшкіні болуы мүмкін деген ескерту жасалды. Соңғы мәліметке қарағанда, 800-дей әуе рейсі тоқтатылған. 90 мыңдай үй жарықсыз қалды. «Лан» тайфунының қазіргі жылдамдығы сағатына 150 шақырым. Осы дауылдың салдарынан жауын-шашын тамыздағы нормадан үш есе көп түсуі ықтимал деген болжам айтылып отыр. Сондықтан тасқын қаупіне байланысты зауыт-фабрикалар уақытша жабылып жатыр. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу