Мәскеуде Абай оқулары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Абай оқулары өтті

10.08.2023

Абай күні Мәскеуде де аталып өтті. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Іс-шараға Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері мен жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты. Абай оқулары өткізіліп, әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалды. Жиналғандар «қара сөз шеберінің» шығармашылығы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. «Ұлы ойшылдың шығармаларын шетелде кеңірек насихаттауымыз керек», - дейді шараға қатысушылар.

Назерке Ерғазы, студент:

Жалпы Абаев Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі өлең жолдары мен үшін өмірімдегі ұран іспеттес болып кетті. Әрбір сөздерінің астарынан өнеге, тәрбиелерді көруге болады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу