ШҚО-да Абай оқулары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да Абай оқулары өтті

26.06.2019

«Абайды оқып, ой түйдім». Шығыс Қазақстанда осындай атаумен ұйымдастырылған әдеби-танымдық эстафетаның жеңімпаздары анықталды. Көктемде басталған жобаның басты мақсаты - Абайдың қарасөздерін оқып насихаттау арқылы мемлекеттік қызметкерлердің ұлттық санасының кемелденуі мен жаңғыруына ықпал ету, білімі мен кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Эстафетаға облыс бойынша 30-дан астам мемлекеттік мекеменің өкілі қатысты. Олардың әрқайсысы Абайдың қара сөзін оқып, бейнеролик жасаған. Жобаға қатысушылардың өнері әлеуметтік желілерде жарияланып отырды. Мағынасы зор әдеби-танымдық сайыстың бас жүлдесін Глубокое аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мейрамғали Дарменкулов ұтып алды.

Еркебұлан Балтабеков, облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

Мен Абай атамыздың 21-ші қара сөзін оқыдым. Онда адам бойындағы адалдық, адамгершілік, өз ісіне жауапкершілік туралы айтылады. Кез-келген қара сөзін алып қарасақ, оны әрбір мемлекеттік қызметкер біліп, оның бойтұмарына айналады деген сенімдеміз. Өйткені, адамзаттың бәрін сүй деп Абай атамыз барлық халықты, елді, жерді сүюге шақырады бізді.

Айжан Масенова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиал директорының міндетін атқарушы:

Әртүрлі талап қойылды, оның ішінде мәнерлеп оқу, өз ойын ашық жеткізе білу, түсіндіре білу. Сонымен қатар, оның ішінде актерлік шеберлік бар. Аудиторияны қаншалықты қамти алады, қанша лайық жинайды деген критерий болды. Соған байланысты бірінші, екінші және үшін орын беріліп жатыр, сонымен қатар әртүрлі номинациялар бар.

 

Хабарламаларға жазылу