Норвегиядағы өзендердің бірінде бөгет бұзылды. Жалпы бұл елде бірнеше күннен бері алапат су тасқыны орын алып отыр. Мұның алдында толассыз нөсер жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асқан еді. Мұндай су тасқыны Норвегияда соңғы 50 жылда болмаған. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Негізгі жолдар жабылып, пойыз қатынасы тоқтап қалды. Су басқан аудандардың кейбіріне құтқарушылар әлі де жете алмай отыр.
Арай Төлегенқызы