Мәскеу түбіндегі оптика-механика зауытында қуатты жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу түбіндегі оптика-механика зауытында қуатты жарылыс болды

09.08.2023

Мәскеу түбіндегі Сергиев Посад қаласындағы оптика-механика зауытында қуатты жарылыс болды. 40-тан астам адам зардап шеккен. Бірнеше үй мен әлеуметтік нысандарға зақым келген.

Индира Бегайдар, тілші:

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, жарылыс салдарынан 45 адам зардап шеккен. Алты адам жан сақтау бөлімінде, 22 азамат травмотология бөліміне жатқызылды. Үйінді астында тұрғындар қалуы мүмкін. «Зауыт аумағындағы пиротехника қоймасы жарылған»,-дейді мамандар. Загорск оптика-механика зауыты өзге заттардан бөлек, әскери техника бөлшектерін де шығарады.
Қазір тиісті мамандар зерттеу жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс технологиялық процесстің бұзылуы, жұмысшылардың салғырттығынан болуы мүмкін. Тергеу комитеті қылыстық іс қозғады. Жаупты тұлғалардың кінәсі дәлелденсе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу