Жаңа оқу жылында 134 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж болы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылында 134 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж болы мүмкін

08.08.2023

Жаңа оқу жылында 134 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж болы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және білім министрі ректорлардың қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында айтты. Қордаланған мәселені шешу үшін студенттерге жатақханадан орын алуға көмектесетін ахуалдық орталық ашылды.

Орын тапшылығы шешілгенше оларға хостелдер мен қонақ үйлерден орын ұсынылады. Министр студенттердің мәселелеріне бей-жай қарамайтын қоғам қайраткерлері мен азаматтарды арнайы орталықтың құрамына кіруге шақырды. Айта кетейік, жеке меншік жоғары оқу орындарына да студенттерді толық жатақханамен қамту талаптары қойылып отыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Қазіргі таңда қаржы орталығының 2 үлкен жобалық офисі ашылды. Астана қаласында және Алматы қаласында. Неге десеңіз, тапшылықтың 70 пайызы осы екі қалаға келеді. Әсіресе ең үлкен тапшылық Алматы қаласында.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу