Еліміз бойынша 90 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша 90 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж

27.09.2018

Қазір олар хал-қадірінше қарекет етіп жатыр. Көбі пәтер жалдап тұрады. Бұл өзекті мәселенің қашан түбегейлі шешілетіні белгісіз. Дегенмен,  қозғалыс бар. Елбасы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында студенттердің жағдайын жақсартуды тапсырған болатын.

Қазір ол бойынша жұмыстар басталып кетті. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жастарды қолдау» комиссиясының отырысында сөз сөйлеген министрлік өкілдерінің айтуынша, жатақхана мұқтаждығы үлкен қалаларда: Астана, Алматы, Шымкентте қатты білінеді. Қазір қаржы бөлінді, ғимараттарды салатын жерлер де дайын.

Сметалық жобалар әзір болса, құрылысты бастайды. Алдағы үш жылда 45 мың студент сыятын нысан бой көтереді. «Ал әзірге, студенттерді жатақханаға орналастыру үшін, алдымен ондағы артық адамдарды шығару керек»,- дейді альянс мүшелері.

Ілияс Түстікбаев, «Қазақстан студенттері альянсы» қозғалысының көшбасшысы:

- Жатақханада орын жетіспейді. Себебі, кейбіреулер орын алған, бірақ тұрмайды. Жатақханаларда ЖОО-ның мұғалімдері тұрады, сол мекемеде жұмыс істейтін басқа да қызметкерлердің тұруы анықталған.  

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу