АҚШ астанасында кеңселер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ астанасында кеңселер жабылды

08.08.2023

АҚШ астанасы Вашингтонда үкіметтік кеңселер, кітапханалар, ұлттық зообақ және өзге де мекемелер жұмысын тоқтатты. Елдің шығыс жағалауына дүлей дауыл соққы берген. Құйын көтеріліп, көлемі гольф добынан да ірі бұршақ жаууы мүмкін екені ескертілді. Қолайсыз ауа райы

Алабамадан бастап Нью-Йорк штатының батысында тұратын 29 жарым миллион адамға әсер етуі ықтимал. Құйын қаупіне байланысты 2200-ден аса ұшақ көкке көтерілген жоқ. 6 мыңға жуық әуе рейсі кейінге қалдырылған.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу