Бейжіңде коронавирус қайта белең алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде коронавирус қайта белең алды

26.10.2022

Қытай астанасында коронавирус қайта белең алды. Жұқпалы ауру бейсенбіден бері Бейжіңде 1500-ге жуық адамнан табылған. Науқастардың көбінде инфекция симптомсыз өтіп жатыр. Ковид жұқтырғандар саны артқан соң қалада көпшілік 10 жыл бойы ашылуын күткен жаңа ойын-сауық саябағы қайта жабылды. Демалыс орны қыркүйекте жұмыс істей бастаған еді. Коронавирустың тарауы тоқтамаса, Бейжің әкімшілігі басқа да шектеу шараларын қабылдауы мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу