Жауыннан кейін Астана көшелерін су басқаны үшін «Elorda eco system» мекемесінің директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды. Отын-энергетикалық кешен басқармасы мен аталған кәсіпорын коллекторларды тазартып, жауын суына арналған кәріз жүйесінің қуаттылығын арттыру қажет болған. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі күн бұрын 6 тамызда жауын жауып, елордада бірқатар көшені су басқан еді. Осыдан соң қала әкімдігі жауын суына арналған 2,5 шақырым кәріз жүйесін саламыз деп отыр.
Дарын Сағитов