«Көкшетау Жылу» мекемесінің директоры қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көкшетау Жылу» мекемесінің директоры қызметінен босатылды

10.12.2018

«Көкшетау Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин айтты. Прокуратураның тексеруінен кейін «Көкшетау Жылу» мекемесінің мемлекет қаржысын мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. Бұл мәселе Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралды. Қараша айынан бері заңсыз әрекеттердің не себепті орын алғаны анықталмаған, сондықтан, аймақ басшысы жауапты мамандардың жұмысын сынға алды.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу