Мемлекет басшысы тағайындау туралы Жарлықтар шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы тағайындау туралы Жарлықтар шығарды

16.01.2020
Мемлекет басшысы тағайындау туралы Жарлықтар шығарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылып, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.

Президент Өкімімен Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды. 

Хабарламаларға жазылу