Жезқазған қаласының екі тұрғыны «MetaGo» қаржы пирамидасын жарнамалау күдігі бойынша тергеліп жатыр. Олар тұрғындармен түрлі кездесулер өткізіп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тартқан. Осы арқылы 63 млн теңгеден астам залал келтірген.
Мамандар «MetaGo» компаниясының қызметінен зардап шеккендер болса, тұрғылықты жеріңіздегі экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды.
Самал Қабышева