Елордада қаржы пирамидасын құрған топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қаржы пирамидасын құрған топ ұсталды

26.07.2022

Елордада қаржы пирамидасын құрған топ ұсталды.

«Eden Life» деп аталатын ұйым өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, ойдан шығарылған түрлі жобаға қаржы құюды ұсынған. Осылайша жүздеген тұрғынды алдап соққан. Осы іске байланысты аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және «YouТube» хостингіндегі «Eden Life» жарнамасына алданып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.


Хабарламаларға жазылу