Пәкістанда пойыз жолдан тайып, 30 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда пойыз жолдан тайып, 30 адам қаза тапты

07.08.2023

Пәкістанның оңтүстігінде жолаушылар пойызы жолдан тайып кетті. 30 адам қаза тапты. Жараланғандар 80-нен асып отыр.

Мұны жергілікті «Гео» телекомпаниясы хабарлады. Оның дерегінше, 10 вагон рельстен шығып кеткен. Қайғылы оқиға Синдх провинциясының Науабшах ауданында, яғни, елдің ірі қаласы Карачиден 275 шақырым жерде болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бірталай адам аударылған, қираған вагондардан әлі шығарылған жоқ. Ал зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.

Тағы бір айта кететін жайт апаттан аймақта пойыздар қатынасы уақытша тоқтатылған.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу