АҚШ-та ең үлкен пластик зауыты өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ең үлкен пластик зауыты өртеніп жатыр

07.08.2023

АҚШ-тың Нью-Мехсика штатында ең үлкен пластик зауыты өртеніп жатыр. Жергілікті ақпарат құралдары таратқан бейнекадрлардан кәсіпорыннан аспанға қою түтін көтерілгенін және лапылдаған жалынды байқауға болады. Тілсіз жау зауыт аймағын толық шарпыған. Әлі жанып жатыр.

Апат құрбандары туралы әзірге мәлімет жоқ. Алайда «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындарының денсаулығына, түтіннен қауіп төніп тұр. 


Арыстан Рысбек



Хабарламаларға жазылу