Елімізде 68 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 68 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

04.08.2023

Елімізде күрделі жөндеу жүргізіп жатқан 68 мектеп жаңа оқу жылына үлгермей жатыр. Мәселен, бір ғана Ақтөбе облысында 12 мектеп болса Алматы және Атырау облыстарының әрқайсысында 10 нысан бірінші қыркүйекке дайын емес. Оқу-ағарту министрілігі білім шаңырақтарының дайындығына мониторинг жүргізген. Олқылықтар анықталды. Енді министрлік, жауапты білім басқармаларына балалардың оқитын орнын анықтауды және оқушыларды тасымалдау мәселесін шешуді тапсырды.

Ақтөбе облысы - 12

Алматы облысы - 10

Атырау облысы - 10

Ақмола облысы - 7

Түркістан облысы - 5

Жамбыл облысы - 5

Қостанай облысы - 3

Батыс Қазақстан облысы - 2

Солтүстік Қазақстан облысы - 4

Шығыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы -1

Абай облысы - 1

Ұлытау облысы - 1

Алматы қаласы - 5


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу