Ақмола облысында 9 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 9 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

11.08.2023

Ақмола облысында 9 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Себебі, Бұланды, Шортанды, Целиноград, Есіл аудандары мен Степногорск қаласындағы білім ошақтарында жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Мердігерлер құрылысқа қосымша адам тартып, қыркүйекке дейін бітіреміз дегенмен, жөндеу жұмыстарының қазір тек 50 пайызы ғана істелген. Жаңа оқу жылында мектептер әзір болмаса балаларды тасымалдап оқытуға тура келеді дейді білім басқармасындағылар.



Хабарламаларға жазылу