Елімізде тағы бір құжат цифрлы форматқа көшірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тағы бір құжат цифрлы форматқа көшірілмек

03.08.2023

Елімізде тағы бір құжат цифрлы форматқа көшірілмек. Ол көліктің техникалық байқаудан өткендігін растайтын диагностикалық карта. Күзден бастап жүргізушілерге оны өзімен бірге алып жүрудің қажеті болмай қалуы мүмкін. Өйткені ол жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, техпаспорт секілді электронды үкіметтегі жеке кабинетте тұрады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қазір it-мамандары тиісті техникалық жұмыстарды пысықтап жатыр. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу