Қазақстандық суретшілер тың туындыларымен Италия жұртшылығын тамсантты. Венецияда өткен халықаралық симпозиумға Франция, Италия, Түркия, Әзербайжан суретшілерімен бірге еліміздің қылқалам шеберлері де қатысты. Олар судағы қаланың көркін, тарихи ескерткіштері мен ғимараттарын қағаз бетіне түсіріп, оны көрмеге қойды.
Сондай-ақ, қылқалам шеберлері өз елдерінің тарихы, мәдениеті мен халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін үздік шығармаларын да көрерменнің назарына ұсынды. Көпшілікті талантымен тәнті еткен шеберлер марапатталды.
Жанұзақ Мүсәпір, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, суретші:
Қазақстаннан келген 5 суретші өз шығармашылық өнерін көрсетіп, Венеция халқын таңқалдырды деп айтуға болады. Бұл жерде қазақ суретшілері еліміздің бай табиғатын, оның ішінде тауын, даласын, өмірін, мәдениетін, Венеция көрермендеріне паш етті.
Лорета Ларкина, көрмені ұйымдастырушы:
Мен 14-ғасырда салынған ғимаратта суретшілердің көрмесін ұйымдастырғаныма қуаныштымын. Маған әсіресе қазақстандық қылқалам шеберлерінің жұмыстары қатты ұнады. Олардың туындыларында итальяндық суретшілерде бола бермейтін шынайылық басым. Өзіндік стильдері ғажап.
Нұрсұлу Қасым