Қарағандыда уланған 14 баланың екеуі емделіп қайтадан әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілді. Қалғандарының жағдайы тұрақты, күндіз-түні дәрігерлер бақылауында. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының мамандары айтты. Ал кейін жеткізілген екі баланың бірінің жағдайы тұрақты болса, екіншісі орташа-ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр.
Еске салсақ, Қарағандыдағы балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 бала белгісіз заттан уланып, 13 жастағы бір ер бала қайтыс болған еді. Мамандардың айтуынша, науқастардан түрлі сынамалар алынған. Алайда олардың нақты неден уланғанын әзірге анықталған жоқ.