COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны 1775-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны 1775-ке жетті

17.02.2020
COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны 1775-ке жетті

COVID-19 вирусынан әлем бойынша 1775 адам қайтыс болды. 71 326 адам індет жұқтырған. 10 610 науқас ауруханадан шығарылды.

Қазіргі уақытта тағы 7 264 адамның індетті жұқтырғаны анықталып отыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған 150 539 адам дәрігерлер бақылауында. 

Эпидемия ошағы - Хубэй провинциясында өткен тәулікте 1933 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. 1016 адам емделіп, ауруханадан шығарылған. 

Ал Гонконгта вирус жұқтырғандардың саны 57-ге жетті (оның біреуі қайтыс болған, екеуі ауруханадан шығарылған), Макаода - 10, Тайванда 20 адам жұқтырған (оның біреуі қайтыс болған, екеуі ауруханадан шығарылған).

Қазақстанмен шекараласып жатқан ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (Қытай) 75 жаңа коронавирус оқиғасы тіркелді, оның біреуі көз жұмды, 12-сі емделіп шықты.

Қазіргі уақытта ШҰАА Іле-Қазақ автономиялы облысында (ИКАО) 14 пациент емделуде, ал Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімші қаласында - 19. Жалпы, Шыңжаңда бес мыңнан астам адам медициналық бақылауда.



Хабарламаларға жазылу