Елімізде 29 адамнан COVID-19 вирусы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 29 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

26.03.2020

Осылайша, ел бойынша науқастар саны 109-ға жетіп отыр. Олардың екеуі емделіп шықты. Қазіргі жағдай бойынша стационарлық карантинде 2164, үйде 4799 адам оқшауланған.

Бұл індет еліміздің сегіз аймағына тарап үлгерген. Нұр-Cұлтан қаласында науқастар саны 61-ге жетіп отыр. Алматыда ауруға шалдыққан 40 адам тіркелді. Қарағандыда 2 және Шымкентте 2 адамның вирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Ақтөбе өңірі және Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі таңда олардың барлығы оқшауланып, ем қабылдап жатыр.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу