«Доксури» дауылы Қытайға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Доксури» дауылы Қытайға жетті

28.07.2023

Филиппин және Тайвань аралдарына соққы берген «Доксури» дауылы бүгін Қытайға жетті. Нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Оның екпініне шыдас бермеген ағаштар тамырымен жұлынған. 500 миллиондай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ұшақ рейстері тоқтатылған. Электр қуатымен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, жолдар бүлінген. Кемелер портқа оралуға мәжбүр. Бірнеше қалада мектептер жабылып, кәсіпорындар, ірі дүкендер мен сауда орталықтары жұмысын тоқтатты. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу