Қытай астанасы Бейжіңде ұшақ рейстері тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай астанасы Бейжіңде ұшақ рейстері тоқтады

31.07.2023

Қытай астанасы Бейжіңде толассыз жауынға байланысты ұшақ рейстері кейінге шегерілді. Алапат тасқын жүруі ықтимал. Барлық спорттық шара өтпейтін болды. Оның үстіне туристік орындар мен саябақтар уақытша жабылды.

Қытайдың бірқатар өңірінде өткен аптада «Доксури» дауылы соққы берді. Тайфунның әсері әлі де басылған жоқ. Қауіпті аймақта 130 миллиондай адам тұрады. Дауылдың күші сәл бәсеңдегенімен, бүгін де өңірде қатты нөсер жаууы мүмкін екені ескертілді. Күшті жел тұруы да ықтимал. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу