Cирия астанасында орналасқан мешітте жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cирия астанасында орналасқан мешітте жарылыс болды

28.07.2023

Cирия астанасы Дамаскіге жақын маңда орналасқан мешітте жарылыс болды. Ғибадатхананың қасындағы тұраққа қойылған автокөлікте жарылғыш зат іске қосылған. Жарылыстан бірнеше адам қаза тапты, олардың нақты саны әзірге белгісіз. Жараланғандар да бар. Қазір оқиға орны қоршауға алынды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Дәл осы мешітте апта басында да жарылыс болған еді. Шабуылдарды ешқандай топ мойнына алған жоқ.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу