Ауғанстан: Мешіттегі жарылыстан 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстан: Мешіттегі жарылыстан 12 адам қаза тапты

14.05.2021

Ауғанстан астанасы Кабулде мешітте жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Олардың ішінде имам да бар. Тағы 15 адам жараланған. Оқиға намаз уақытында болды. Әзірге жарылысқа жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмай, «Талибан» қозғалысы мен үкімет күштері бір-бірін айыптап отыр. Айта кетсек, тәліптер мен ауған билігі күні кеше Ораза айтта үш күнге атыстарды тоқтатуға уағдаласқан еді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу