Пәкістандағы жарылысты жергілікті тәліптер мойнына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістандағы жарылысты жергілікті тәліптер мойнына алды

31.01.2023

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылысты тәліптер мойнына алды. Қарулы топ өз мүшелерінің бірінің қазасына орай кек алу мақсатында шабуыл жасағанын мәлімдеді. Жарылыстан қаза тапқандар саны 61 адамға жетті. 157 адам жараланған. Бомба іске қосылғанда мешітте 260 адам болған. Зардап шеккендердің көбі - полиция қызметкері. Оқыс оқиға болған мешіт, полицияның штаб-пәтері мен терроризммен күрес бөлімшесіне жақын орналасқан. Лаңкестің жарылғыш затты намаз оқу кезінде іске қосқаны белгілі болды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу