Қостанай облысында 13 жасар қызды улы жылан шағып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 13 жасар қызды улы жылан шағып алды

28.07.2023

Қостанай облысында 13 жасар қыз баланы улы жылан шағып алды. Оқиға жасөсіпірім ата–анасымен өзенге балық аулауға барғанда болған. Қазір облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр. Жылан саусағының ұшынан шаққан. Уы баланың денесіне жайылғасын қолы кеудесіне дейін ісініп, некроз пайда болыпты. Дәрігерлер жылан уына, гангренаға және басқа да бактерияларға қарсы екпе жасағандарын айтады. Ісік қайта бастаған, бірақ жағдайы әлі ауыр.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу