Жоғалған 5 жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған 5 жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

10.08.2022

Қостанай облысында 5 жастағы қызды іздеу жұмыстары жалғасуда. Мәдина Ерланқызы егістік алқаптарында болуы мүмкін деген хабар түскен соң бұл аймақты дельтапланның көмегімен әуеден бақылай бастады. Еске салайық бес жасар Мәдина 7 тамыз күні таңертең жоғалған еді. Іздеу шаралары бойынша соңғы мәліметтермен бөлісу үшін, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі - Назгүл Шабдарова тікелей байланысқа шықты. Қайырлы күн Назгүл, іздеу шараларына қанша адам жұмылдырылған?


Хабарламаларға жазылу