Шымкентте жылан көбейді: Құтқарушылардан 12 адам көмек сұраған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жылан көбейді: Құтқарушылардан 12 адам көмек сұраған

06.05.2022

Күн ысығалы Шымкентте жылан қаптап кетті. Төтенше жағдай департаментінен бауырмен жорғалаушылардан үрейленген 12 тұрғын көмек сұрап, қоңырау шалған. Шақыртулардың жетеуінде құтқарушылар жыланды ұстап, қауіпсіз жерге апарып тастады. Былтыр мұндай жәйт 33 рет қайталанған. Бір тәуірі биыл дәрігерлер қарауына жылан шағып алған азаматтар келмеген. Мамандар жылан уынан әсіресе қан қысымы жоғары, сусамыр ауруына шалдыққан науқастар мен балалардың қатты зардап шегетінін айтады. Әрі биыл адамдарды жылан шағып алу жәйттері жиілеп кетуі мүмкін екенін айтады. Өйткені былтырғыдай шектеу шаралары болмағандықтан табиғат аясына шығатындар көбейетіні анық. 

Хабарламаларға жазылу