Еліміздің бірнеше қаласында баспана арзандаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше қаласында баспана арзандаған

26.07.2023

Еліміздің бірнеше қаласында баспана арзандаған. Осылайша нарықта дүрбелең басылды. Алайда алдағы жарты жылда түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Сарапшылар болжамы осы.

Сарапшылардың сөзінше, бұған дейін зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға рұқсат берілгенде сұраныс артты, сәйкесінше баспана нарығы негізсіз өсіп кетті. «Мемлекет субсидиялаған бағдарламалардың арқасында биыл пәтер бағалары шамамен 10% төмендеген. Қазір нарықты тұрақтандыру үшін ипотекалық бағдарламаларды қолдау азайған.

Сымбат Сағидоллаева, экономист:

Жалпы бұрынғы айлармен салыстырғанда қазіргі жағдайда менің клиенттеріме түсетін ақша құрылыс компанияларының 30,40 пайызға төмендеді. 00-12 склеика өйткені ипотекалық бағдарламаларға мараторий жүріп жатыр мемлекет тарапынан сол себептен көптеген үйлер салынып жатқанмен бірақ сатылуы қиындап кетті.

Өткен айда бірінші нарықтағы баспана бағасы Көкшетауда ғана 3 пайызға түскен. 15 өңірде еш өзгеріс жоқ. Ал жарты жылда Павлодар, Қызылорда қалаларында 7, мегаполистерде 2 пайызға қымбаттаған. Екінші нарықтағы пәтерлерде бағаның төмендеуі байқалады. Маусым айында Ақтаудан басқа қалалардың бәрінде баға түскен. Бірақ небәрі 1,2 пайызға.

Алайда алдағы жарты жылда баспана қымбаттауы мүмкін. Экономистер нарықтағы бұндай өзгерістер күзде басталады дейді.

Сапарбай Жұбаев, экономист:

Енді баға түсе ме деген бұрынғы жағдайға жоқ түспейді неге себебі шетелде де, бізде де 3 жылдық инфляция жағдайы 30 пайызға бағаны көтерді. одан төменге түсірсе, құрылысшылар үшін де, материалдар үшін де тиімсіз бизнес болады, сұраныс әрқашан болады, сондықтан әр жылы 3-4 проценттен бастап, 10-15 пайызға дейін инфляция деңгейінде баға өсіп отырады.

Қазір халық екіге бөлінген. Бірі қаражат үнемдеу үшін бірінші нарықтағы пәтерлерге ұмтылса, енді бірі дайын баспана алғысы келеді. Алайда мамандар екі нарықтың арасында қатты айырмашылық болмайтынын айтады.

Әлібек Cүлейменов, сарапшы:

Халықтың сұранысы қазір екінші нарықтағы пәтерлер болып саналады. Адамдардың көбісі дайынға барғысы келеді. Ремонтымен, мебель, жиһазымен. Бірінші нарықтағы пәтерлер бір қалпыда тұр. Ол жерде өзінің клиенттері болады.

Бұдан бөлек баспана бағасында маусымдық құбылу бар. Себебі қыркүйекте ата-аналар балаларын оқуға әкеліп, пәтер мәселесін шешуге тырысады. Бұл кезде жылдағыдай нарықта сұраныс артып, баға бірден шарықтайды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу