Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 млн теңге айыппұл салынды

26.07.2023

Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, құрылысшылар ғимараттар мен тұрғын үйлерді сәулеттік-жобалау талаптарын бұзып салған. Мұндай кемшіліктер тиісті тексеру кезінде анықталып, мердігерлерге қатысты 165 хаттама толтырылған. Сондай-ақ заңсыз салынған 31 нысанды сүру туралы шешім қабылданды.

Қазір бұл нысандарға қатысты материалдар сотта қаралуда. Оның 18-іне мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан. Төрт нысан сот шешіміне сәйкес бұзылды. Қазіргі таңда тағы төртеуі аппеляциялық сотта қаралуда. Мамандар құрылыс нысандарына қатысты тұрғындарынан арыз-шағымдар да көбейгендігін айтады.


Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу