Алматыда жатақханаға зәру студенттердің саны 33 мыңға жуықтайды. Мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мегаполистегі университет ректорлары және инвесторлармен кездесті. Жиында шаһардағы ескірген бизнес орталықтары, хостелдар, қонақүйлерді бұзып, орнына жатақхана салынатыны айтылды. Ол үшін жеке кәсіпкерлермен келісім жасалмақ. Алматыда колледждерден бөлек 35 ЖОО бар. Оларда білім алып жатқан 250 мың студенттің 70 пайызы – басқа өңірден келгендер. Сондықтан бұл түйткілді шешуде жеке инвесторларға үміт артылмақ. Бірақ, бұл бағытта әзірлегенген жобадан шикіліктер табылып отыр. Мысалы, былтыр жекеменшік жатақхана салып, студенттерді қабылдаған кәсіпкерлер әлі күнге мемлекеттен бөлінетін субсидияны ала алмай жүр.
Ербол Бөкенбайұлы, инвестор:
Қазір ақша төлеу мәселесі ұзақ болып жатыр. Әкеліп жатыр бәрін, 6 ай болды ақша алған жоқпыз әлі. Бізде қазір жаңа нысан бар 400 орынға саламыз деп жобасын өткізгенбіз. Кішкене осындай ақшамен қиындықтар болған соң тоқтап тұр.
Биыл 38 мың грант иегері Алматыдағы ЖОО-ын таңдап отыр. Ақылы түрде оқығысы келетін мыңдаған талапкер тағы бар. «Сондықтан инвесторлардың талабын орындап, туындаған мәселелерді оңтайлы шешеміз. Бұл жатақханадағы орын тапшылығын жоюға сеп болады», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Бұл жатақханалар ол жақта тұрып жатқан бала басына субсидия төлейміз. Бірақ, дәлелдеуіміз керек тұрып жатыр ма әлде жоқ па. Шын мәнінде проблема болды неге десеңіз инвестор барып анықтама алуы керек бала тұрып жатыр ма тұрмай жатыр ма. Сосын оны бізге жібереміз біз тексереміз, қаржы департаменті тексереді де ақшасы аударылады. Осы қыркүйек айынан автоматтандырылған қаржыландыру мәселесі енгізіледі. Бұл мәселе түбегейлі шешіледі.
Нұрсұлтан Тілектес