Жетісу облысында жүк көліктерін тонаумен айналысқан топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жүк көліктерін тонаумен айналысқан топ ұсталды

21.07.2023

Жетісу облысында жүк көліктерін тонаумен айналысқан топ ұсталды. Баукеспе ұрылар түнгі уақытта көлік жылдамдығын баяулатқан кезде арнайы саты арқылы тіркемесіне мініп, төбесін кескілеп ішіндегі тауарды жол бойына лақтырып отырған. Артынан Газель маркалы көлікпен түсірілген тауарды тиеп, Алматы қаласына жеткізіп келген. Әккі ұрыларды ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен облыстық прокуратура қызметкерлері анықтады. Оларды ұстау кезінде Жетісу және Алматы облысында, Алматы қаласында 30-дан астам тінту жүргізілген. 6 адам қамауға алынды.


Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу