Астанада әуежайда ұрлық жасаған 6 жүк тасушы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әуежайда ұрлық жасаған 6 жүк тасушы ұсталды

26.10.2023

Астана халықаралық әуежайында жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Полиция жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жүк тиеуші болып жұмыс істейтін алты адамды қолға түсірді. Олар жолаушылардың жүгін рұқсатсыз ашып, бағалы заттарын қолды еткен. Тергеу жүріп жатыр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша соңғы уақытта әуежайда жолаушылардың жүгінің ұрлану фактісі жиілеген.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу